Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға сотталуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Корея Республикасының прокуратурасы атышулы сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хені 30 жылға түрмеге қамауды талап етті, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.
None
None

2017 жылдың сәуір айында Сеул соты пара алды, өкілеттілігін  асыра пайдаланды, заңсыз қысым жасады және мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен бұрынғы мемлекет басшысы, 66 жастағы Пак Кын Хені тұтқындау туралы санкция берген еді.

Ол өзінің құрбысы және жақтасы Чхве Сун Сильмен келісе отырып, ірі оңтүстіккореялық конгломераттардан, соның ішінде Samsung, Lotte және SK компанияларынан болысушылық жасау үшін 59.2 миллиард вон (55,2 миллион АҚШ доллары) беруін талап еткен.

Пак Кын Хе өзінің құрбысына мемлекеттік істерге араласуға жол берген деп те күдік келтіруде. «Қуғынға ұшыраған президент» өз кінәсін мойындаған жоқ.

Бұдан бөлек, Корея Республикасының бұрынғы басшысы өз ісі бойынша жүргізілген сот отырысына қатыспаған. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, сот қазан айында оны қамауда ұстау мерзімін ұзартқаннан кейін, Пак Кын Хе тыңдалымға қатысудан бас тартқан.

2017 жылдың наурызында Конституциялық сот импичментті қолдап, Пак Кын Хені президент лауазымынан түбегейлі босатты. Ол осы уақыт ішінде ол қамауда болған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сеул соты Корея Республикасының бұрынғы президенті Пак Кын Хенің бала күнгі құрбысы Чхве Сун Сильді жиырма жылға бас бостандығынан айырған еді. 

Соңғы жаңалықтар