Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Но Му Хен қаза болды
СЕУЛ. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат – 2008 жылы қызметін босатқан Оңтүстік Кореяның экс-президенті Но Му Хен қайғылы оқиға салдарынан қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы сәуірдің 18-інде Но Му Хен жемқорлыққа қатысты деген күдікпен елдің Бас прокуратурасына жауапқа шақырылған болатын.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы, бұрын мемлекет басшысы болып тұрған кезінде жергілікті кәсіпкерден үлкен көлемде пара алды деген күдік бар. Тергеушілер, бұрынғы президент туыстары арқылы 6 млн. долларды заңсыз алуы мүмкін деп болжайды.Экс-президенттің зайыбы 2007 жылы кәсіпкер Парк Ен Чхадан 1млн. доллар, оның жиен қарындасының күйеуі кәсіпкерден 5 млн. доллар пара алғаны анықталған. Но Му Хен бұлар пара емес, бұл қаржы отбасылық кәсіпкерлікті дамыту үшін қарызға немесе инвестиция мақсатында алынған ақша деп түсіндірді.
Бұрынғы президенттің сөзі бойынша, кәсіпкер Парк Ен Чха оның туыстарына Британияның Виргин аралында тіркелген инвестициялық компанияны құруға көмектескен.Но Му Хен елге 2003-2008 жылдары басшылық жасап, ол өзін беделіне нұқсан келмеген саясаткер-реформатор ретінде көрсетті. Дегенмен ол да оңтүстік корейлік дәстүрдің құрбаны болуы мүмкін, сөйтіп елдің бұрынғы экс-президенттері Чон Ду Хван мен Ро Дэ У тәрізді темір торға қамалуы әбден ықтимал еді. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, экс-президент Но Му Хен тауда серуендеп жүріп, құздан құлағаннан кейін қайтыс болған. Ол ауыр жарақаттарымен Пусан қаласындағы ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оны аман сақтап қала алмаған.