Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Ён Сам Сеулде 87 жасында өмірден озды, деп жазады Би-би-си.
None
None

Ким Ён Сам Оңтүстік Кореядағы демократиялық қозғалыстың беделді тұлғасы болған. Ол басшы болған 1993-1998 жылдар аралығында әскери билік азаматтық билікке ауысқан болатын.

Президент болып тұрған шағында ол сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін ауқымды шаралар жүргізді. Алайда оның ел экономикасын дамытамын деген қадамдары сәтсіз болды.

Ол өзі басшы болған соңғы жылдары азиялық дағдарыс салдарынан халықаралық қаржылық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар