Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне нақты айып тағылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хеге сыбайлас жемқорлықпен байланысты айыптар тақты, деп жазады «Хабар 24».
Тергеушілер Пак Кын Хе өз билігін асыра пайдаланып пара алған және мемелкеттік құпияның жариялануына себепкер болған. Нақтырақ айтқанда ол құрбысы Чой Сун Шильмен бірігіп елдегі ірі компаниялардан ақша бопсалаған. Ал айыптаулар өткен жылы Пак Кын Хенің құрбысымен байланысты тергеу аяқталғаннан кейін жасалып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, саяси жанжал өткен жылы журналистер қоқыстан Чон Сун Шильдің ноутбугын тауып алғаннан кейін басталған. Артынан оның мемлекет ісіне араласып, өзіне қарасты қорлар арқылы қомақты қаржы алғаны белгілі болады. Осыдан кейін елде наразылық шерулері өтіп, оның аяғы президентке импичмент жариялауға әкеліп соқты.