Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қатысты даулы істі жүргізген тергеушілердің арнайы комиссиясының сауалынан кейін Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрі Чо Юн Сун ұсталды және отставкаға кетті, деп хабарлайды РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі ұсталды

Чо Юн Сун президент Пак Кын Хе билігіне қарсы өнер қайраткерлерінің «қара тізімін» құрды деп айыпталуда. Құрамында әртіс, музыкант және мәдениет қайраткерлерінен құралған 9400 адамы бар бұл тізім оларды кез келген мемлекеттік субсидиялар мен көмектен шеттету үшін құрылған.

Сондай-ақ, сот бұрынғы президент әкімшілігінің басшысын ұстау туралы ордер берді.

Чо Юн Сун қызметтік міндеттерін орындауда ұсталған тарихтағы алғашқы министр атанды.

Өткен жылдың күзінен бері Оңтүстік Корея президентінің құрбысы Цой Сун Сильдің айналасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау шықты. Құқық қорғау органдары оны ешқандай мемлекеттік қызметте болмаса да, президенттің саяси шешімдеріне ықпал етті және мемлекет басшысымен достығын пайдаланып, оңтүстіккореялық корпорациялардан ірі көлемде қаржы талап етті деп айыпталуда.