Оңтүстік Кореяның Премьер-Министрі қызметінен кетпек
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Премьер-Министрі Чон Ун Чхан ел президентіне қызметінен босату жөнінде ресми өтініш түсірді, деп хабарлады РБК агенттігі.
Үкімет басшысы заң шығарушы жиналыстың ұлттық астана - Сеулге қосымша жаңа әкімшілік орталығын құру жоспарынан бас тарту жөніндегі оның ұсынысын қолдамағаннан кейін осындай қадамға барып отыр.
Чон Ун Чхан бұдан бұрын бейресми түрде өзінің қызметтен кететінін білдірген еді, бірақ Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак оны қабылдаудан бас тартты.
Мемлекет басшысы қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз.
Чон Ун Чхан үкімет басшысы қызметіне өткен жылдың қыркүйегінде тағайындалды, ол билікке академиялық топтан келді. Ол бұрынғы кореялық үкіметтің Сеулден 160 шақырым жерде "Сечжон" жаңа әкімшілік орталығын салу туралы шешімін қайта қарауға кіріскен болатын. Премьер-Министр жаңа қаланы білім, ғылым және жаңа технологиялар орталығы етпек болды. Алайда Корея Республикасының Ұлттық жиналысы бұл бастаманы қабылдамай, алғашқы жоспарды күшінде қалдыруға мәжбүрледі.