Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аумақтық дау-дамайлар - АСЕАН-ның жіті назарында

БЕЙЖІҢ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығында (АСЕАН - Association of SouthEast Asian Nations) барлық проблемаларды,
None
None

соның ішінде аумақтық  келіспеушіліктер мен теңіздік құқықтарды сыртқы араласуынсыз шешуге даналық пен мүмкіндіктер бар.

Бұл туралы кеше Камбоджаның Пномпен қаласында өткен Қытай- АСЕАН 15-ші саммитінде қытайлық премьер Вэнь Цзябао мәлім етті.

Саммит қорытындысы бойынша АСЕАН басшылары Оңтүстік-Қытай теңізі мәселесінде интернационалдандыруға жол бермеуге келісті және Оңтүстік-Қытай теңізінде Тараптардың іс-әрекеті декларациясына қол қойылуына байланысты бірлескен мәлімдемені жариялады.

Экономикалық ынтымақтастықтың өсуіне қарамастан, Қытай мен АСЕАН елдері, атап айтқанда, Филиппин, Вьетнам, Малайзия мен Бруней арасындағы Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аралдардың егемендігіне қатысты наразылықтар 2009 жылдан бастап шиеленістердің өршуіне алып келді.

2010 жылы Қытай- АСЕАН Еркін сауда аймағы туралы келісім өз күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар