Оңтүстік өңірде ашық ауа райы сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек оңтүстік өңірде ғана ашық ауа райы сақталады.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысында 15-20 м/с-қа дейін соққан желден шаңды бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі. Ал күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Елдің оңтүстігінде, батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірінің кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.