Оңтүстік өңірлерде өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше өңірінде өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«20-21 сәуірде қатты жауын-шашын жауады деп болжанып отыр, осыған байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарында, 20-22 сәуірде Алматы облысында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында беткейлі ағын қалыптасып, өзендегі су деңгейі көтерілуі ықтимал» делінген хабарламада.