Оңтүстік өңірлерді дамыту жөнінде Үкіметке берілген 44 тапсырманың 32-сі орындалды - Алматыдағы кеңес

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда Елбасының Оңтүстік өңірлердің әкімдерімен өткізген кеңесінде айтты.
«2012 жылдың мамыр айында Тараз қаласында Оңтүстік өңірлерді дамыту мәселесі бойынша кеңесте Үкіметке 44 тапсырма берген болатынсыз. Бүгінгі күні оның 32-сі орындалып, шешімін тапты. Қалған 12 тапсырма ұзақ мерзімдік басымдықта тұр. Яғни, олар бойынша шешім шығару уақыты жеткен жоқ деді»,-Б. Сағынтаев.
Оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың маңыздыларының қатарында атап өтетін болсақ, қазақстандық қамту жөнінде жеткілікті шаралар қабылдау бойынша тапсырма - ең үлкені. Үкімет бұл орайда тиісті заңнамалық база жасап, Парламент оны қабылдады. Онда, қазақстандық қамту бойынша ережелерге өзгерістер енгізілді. Өндірістің нақты тізбегі белгіленіп, мониторинг жүргізу бірқалыпты жүйеге келтірілді.
Ал, инфрақұрылымдық жобаларға келсек, Бейнеу-Бозой газ құбыры құрылысы бірінші кезегінің 80 пайызы орындалды.