«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік әзірлікті «экспресс-тест» арқылы тексеруде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке құрамның кәсіби дайындығын, далалық машығын тексеру, дене даярлығы мен жауынгерлік дағдыларын арттыру үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында арнайы «экспресс-тест» енгізілді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік әзірлікті «экспресс-тест» арқылы тексеруде (ФОТО)

Ол атыс және дене даярлығы бойынша тұтас жаттығулар кешенін қамтиды, деп хабарлайды ҚР Қорғанвс министрлігінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда олар: ЖӘЖМ-2, Т-72 және АК-74 қару-жарағынан дара және взвод құрамында ұзақ қашықтыққа оқ ату, қол гранаталарын лақтыру, АРД кедергілер жолағын еңсеру, взвод құрамында жауынгерлік машинаны жүргізу, белтемірге тартылу, 24 кг гірді жұлқи көтеру, 5 км жүгіру. «Экспресс-тест» «Мәтібұлақ» (01098 ә/б) және «Отар» 40-шы әскери базасының (30212 ә/б) оқу-жаттығу полигондарының базасында төрт күн өткізілді. Бұл уақыт ішінде мотоатқыш, танкті, инженерлік-саперлік взводтар, минаатқыш батареялар мен мергендік жұптар құрамында бағынысты әскери бөлімдердің 350-ден астам әскери қызметшісі тексерістен өтті. Тестілеу қорытындысы бойынша бірқатар мотоатқыш, танкті, инженерлік-саперлік взводтар мен минаатқыш батареясы белгіленді.