«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында бригадалық тактикалық оқу-жаттығу өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мәтібұлақ» полигонында жауынгерлік оқ атумен бригадалық тактикалық оқу-жаттығудың белсенді фазасы өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу барысында «Оңтүстік» өңірлік әскери бөлімдерінің бірі жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, шоғырлану ауданына түнгі жағдайларда марш жасады және қорғаныс жолағына орнықты. Оқу-жаттығудың ерекшелігі өзге гарнизондардан алмастырылған мотоатқыш, артиллериялық, барлау және инженерлік-саперлік бөлімшелермен күшейтілген бригадалық тактикалық топтың әскери бөлімі негізінде құрылуы болды.
Қорғанып жатқан әскерлерге атыспен қолдауды Әскери-әуе күштерінің шабуылдау және армиялық авиациясы көрсетті.
Одан басқа, оқу-жаттығу барысында арнайы тапсырмаларды ҰҚК Шекара қызметі мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан органдары орындады.
Оқу-жаттығуға барлығы екі жарым мыңға жуық әскери қызметші қатысты, 400-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды. Оқу-жаттығудың белсенді фазасынла бригадалық тактикалық топ шартты қарсыластың тас-талқанын шығарып, шабуылға көше отырып, оны күйретті. Аталмыш оқу-жаттығу әскерлерді жауынгерлік әзірлікке келтіру, бригадалық тактикалық топты құру және жекелеген бағытта жауынгерлік тапсырмаларды орындау мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтауға мүмкіндік берді.