Оңтүстік Осетия 2008 жылғы тамыз оқиғасында қаза тапқандарды еске алды

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Осетия президенті Эдуард Кокойты 2008 жылы тамыз оқиғасында қаза тапқандарды еске алу акциясына қатысты.

Оңтүстік Осетия 2008 жылғы тамыз оқиғасында қаза тапқандарды еске алды

Оның ойынша, Грузия президенті Михаил Саакашвили халықаралық трибунал алдында жауап беруі тиіс. Бұл жөнінде «Эхо Москвы» хабарлайды.

«Эхо Москвы» «Интерфаксқа» сілтеме жасап хабарлауынша, 2011 жылы 8 тамызға қараған түні Цхинвали алаңында мыңдаған халық жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, 7-сінен 8 тамызға қараған түні грузин әскері Цхинвал қаласын оқ астына алды. Грузияның нұсқасы бойынша, қарулы қақтығысқа Осетия тарапынан жасалған шабуыл себеп болған. Ал Оңтүстік Осетия бұл нұсқаны жоққа шығарып отыр. Ресей де 8 тамызда орын алған қақтығысқа араласып, Осетияға қолдау көрсеткен болатын.