Оңтүстік Осетия Тәуелсіздігінің танылу күнін атап өтуде
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Осетия бүгін Ресей Федерациясының республика Тәуелсіздігін тану күнін атап өтуде, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Бұл күннің басты оқиғалары - Дзуарикау-Цхинвал газ құбырының ашылу рәсімі және Ресей мен Оңтүстік Осетия үкіметтерінің арасында келісімге қол қою болмақ.
Газ құбыры Оңтүстік Осетияны Солтүстік Осетиямен байланыстырып, республикаға газды тікелей Ресейден алуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Цхинвал көгілдір отынды Грузия арқылы транзитпен алып келген.
Республика үшін екінші маңызды оқиға - Оңтүстік Осетияның әлеуметтік-экономикалық дамуына көмек көрсету туралы Мәскеу мен Цхинвалдың арасындағы келісімге қол қою. Бұл рәсім Мәскеуде өтеді.