Оңтүстік Осетия үкіметі отставкаға кетті
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Осетия Президенті Леонид Тибилов республика үкіметінің жұмысына көңілі толмағандықтан Министрлер кабинетін отставкаға жіберді.
«Бір жарым жылдың ішінде үкімет алдына қойылған мақсаттарды орындай алмады. Атап айтқанда, республиканы қалпына келтіру үдерісі мен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін тиісті деңгейде шеше алмады, сондай-ақ шоғырланып жұмыстарды атқаруға қауқарсыз болды»,- деді дүйсенбідегі кеңесте Тибилов. Президенттің Жарлығына сәйкес, Министрлер кабинетінің басшысы қызметін уақытша атқаруға Доменти Кулумбегов тағайындалды. Ол бұған дейін бірінші вице-премьер қызметін атқарған.