Оңтүстік полюсті бағындырған ең жас саяхатшы жаңа рекорд жасады

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Британдық 16 жастағы жасөспірім Льюис Кларк сенбі күні Оңтүстік полюсті бағындырған ең жас саяхатшы ретінде жаңа рекорд жасады.

Оңтүстік полюсті бағындырған ең жас саяхатшы жаңа рекорд жасады

Бұл туралы Би-би-си корпорациясы хабарлайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

«Мен саяхатымды табысты аяқтағаныма қуаныштымын. Бұл өте ауыр болды, полюске жақындаған сайын, жүрісім баяулай берді», - дейді Льюис Кларк.

Оңтүстік полюстің Амундсен-Скотт базасына дейінгі жалпы ұзындығы 1,1 мың шақырым болатын жолдың жартысынан көп бөлігін жас саяхатшы -50 градус аяз бен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан қатты желдің өтінде 48 күн ішінде жүріп өткен. Енді ол өз табысын ресми түрде мойындату үшін Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге өтініш білдірмекші.