Оңтүстік Сахалиндегі кафедралық соборда екі адамды өлтіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Сахалиндегі кафедралық соборда екі адамды атып кетті, деп хабарлады РБК.

Оңтүстік Сахалиндегі кафедралық соборда екі адамды өлтіріп кетті

Шамамен жергілікті уақытпен 7:00-де храмға қаруланған адам баса-көктей кіріп, бірнеше рет оқ жаудырған. Храм қызметкері, монах әйел жантәсілім етті, шіркеуге келген 6 адам жараланған.

Оқ атқан адам оқиға болған жерде қолға түсті, оның кім екендігі айтылмауда. Қандықолдың мұндай әрекетке не себепті барғандығы әзірге белгісіз.