Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ірі теміржол операторы Транскаспий бағытына қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Румыния мен Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ірі  теміржол және логистикалық операторы «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» (ТХКБ) халықаралық қауымдастығына қосылды, деп хабарлайды Trend.

Румыниялық БАҚ-тардың жазуынша, бұл ТХКБ-ға қосылған алғашқы еуропалық компания.

Grampet Group президентінің айтуынша, ТХКБ Румынияны Еуропа мен Азиядағы логистикалық платформаға айналдыруға, 100 мың жаңа жұмыс орнын ашуға және мемлекеттік бюджетке бір миллиардтан астам еуро түсіруге мүмкіндік береді.

ТХКБ Қытайдан Еуропаға жүктер тасымалдау үшін Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркияның көліктік-логистикалық компанияларының бастамасы болып табылады.

Бұдан бұрын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Қабашев Trend-ке хабарлағандай, ТХКБ-дағы тауар айналымының өсу әлеуеті 2020 жылға қарай 646-дан 922 миллиард долларға дейін артады, бұл 300 мың контейнерді құрайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram