Оңтүстік Суданда әскерилер тұтас ауыл халқын кескілеп өлтірді

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оңтүстік Суданда (Джуба) әскерилер мурле халқының 96 өкілін өлтірді, деп хабарлайды Росбалт.

Оңтүстік Суданда әскерилер тұтас ауыл халқын кескілеп өлтірді

Оқиға Судан мен Эфиопияның шекарасында орын алған. Әскер толығымен мурле қонысын, сондай-ақ, көтерілісшілермен ынтымақтасты деген сылтаумен оның бүкіл тұрғындарын жойып жіберді.

Оңтүстік Суданда осы халықтың шамамен 200 мың өкілі өмір сүреді.