Оңтүстік Суданда бензин тасымалдаушы көлік жарылысының құрбандары саны 203 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Судан Денсаулық сақтау министрлігі бензин тасымалдаушы көлік жарылысы құрбандарының саны 203 адамға жеткендігін мәлім етті.

Оңтүстік Суданда бензин тасымалдаушы көлік жарылысының құрбандары саны 203 адамға жетті

Елдің Денсаулық сақтау министрі Риак Гаи Коктың атап өтуінше, 150-ден астам зардап шегуші ауруханада жатыр. Аса ауыр күйік жарақатын алған 65 адам Оңтүстік Судан астанасы Джубаның басты госпиталіне жіберілді, деп хабарлайды РИА Новости.