Оңтүстік Суданда цистерна жарылып, 85 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Суданда аударылған автоцистернадан адамдар бензин құйып алмақшы болған кезде цистерна жарылып, кем дегенде 85 адам қаза тапты.
Ел президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тағы кемінде 50 адам жарақат алған.
Алдын ала деректер бойынша, цистерна одан бензин құйып алмақшы болған сәтте жарылған, жарылу себебі әзірге белгісіз, деп хабарлады Би-би-си.
Бұл ретте президенттің баспасөз қызметінде мұның Оңтүстік Суданда 2013 жылдан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығысқа қатысы жоқ, жазатайым оқиға екенін айтуда.