Оңтүстік Суданда үш американдық ұшақ атқыланды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Суданда 21 желтоқсанда үкіметтік әскерлер мен көтерілісшілер арасында өрістеген соғыс қимылдары ауданынан американ азаматтарын көшіру жөніндегі миссиясын орындау кезінде үш американ ұшағы жерден атқыланды, деп хабарлады РБК Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Американдық ұшақтар адамдарды көшіру аймағында зенит шабуылына тап болды, деп хабарлады АҚШ қарулы күштерінің Африка аймағындағы біріккен қолбасшылығының ресми мәлімдемесінде. «Атқылаудан кейнің әуе кемелері алғашқы бағытынан ауытқып, елден тыс жердегі ұшыру алаңына бет алды, миссия тоқтатылды», - делінген мәлімдемеде. Осы мәлімдемеде атқылауға ұшыраған Osprey CV-22 ұшақтары зақымданғаны айтылған.

БҰҰ-ның Оңтүстік Судандағы миссиясы Юаи қаласына ұшып бара жатқан БҰҰ-ның төрт тікұшағының бірі 20 желтоқсанда жеңіл қарудан атқыланғанын хабарлады. Экипаж да, жолаушылары да зардап шекпеген.

Оңтүстік Судандағы ұрыстар соңғы апта бойы жалғасуда. Әлемдегі ең жас мемлекет тәуелсіздік алған соң екі жыл өткеннен кейін бірте-бірте динк және нуэр тайпаларының арасындағы этникалық азаматтық соғысқа тартылуда.

Ұрыс барысында жүзедеген адам қаза болды. Соғыс қимылдары астаналық аймаққа және өмірлік маңызды мұнай кеніштері өңіріне таралуда.

Соңғы жаңалықтар