Оңтүстік жастары астаналықтарға 5 мың қорап бауырсақ таратты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Елордада өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері шеңберінде Оңтүстік Қазақстан өңірінің жастары астаналықтарды әндерімен тамсандырып, Құрбан айт мерекесі қарсаңында халыққа 5 мың қорап бауырсақ таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
ОҚО мәдени күндері аясында бүгін шара тізгінін қолына алған Оңтүстік жастары таң сәріден бастап қалалықтарды думанға бөледі. Бүгін Арапа күні болғандықтан, жас өрендер халыққа бауырсақ таратуды шешкен екен. Ол үшін Елорада кәсібін дөңгелеткен оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен келісіп, олардың мейрамханаларында бауырсақ пісірген. Бауырсақты 5 мың қорапқа бөле салып, Бәйтерек монументі маңынан, «Хан шатыр» сауда орталығына дейінгі аралықта жүрген қалалықтар мен шаһар меймандарына таратып берген.

null null
null 

«Хан шатыр» мен «Керуен» сауда орталықтары бұл күні той-думанға айналып кетті. Домбыра мен баянға қосылып шырқаған оңтүстік жастары өнерімен тамсандырып кетті. Бүгін, яғни 31 тамы күні кешкі сағат 20:00 уақытында Бәйтерек алаңында оңтүстік жастарының «Астананың жұлдызды түні» атты думанды би кеші ұйымдастырылмақ. Онда Оңтүстіктен шыққан эстарада жұлдыздарынан «Жігіттер» квартеті, Ғазизхан Шекербеков, танымал барабаншы «Бурхан стайл», жас әншілер «Boys band» триосы Астана аспанын сазды әуенмен тербесе, «GK» тобы заманға сай брейк биін паш етіп, «13-Legion» клубының жастары көше спортының өнерін көрсетеді. Көңілді тапқырлар клубының таланттары көпшілікке әзілдерін ұсынады.
null 

«Астанада өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері аясындағы шараны біздің жастарымыз да тыс қалдырмай отыр. Оңтүстікте қазіргі таңда 800 мыңнан астам жастар тұрады. Демек, 3 млн халықтың айтарлықтай бөлігі жас буын. Жастық жігер қайнап тұрған кезде өнерлі әрі ерікті жастарымыз Елорданың төріне барып, өнерін паш етуді жөн көріп отыр. Одан бөлек, қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Арапа күні мұсылман халқы бауырсақ пісіріп, туған-туыстарымен қауышып жатады. Сондықтан, бүгін біздің 150-ден аса қыз-жігіт астаналықтар мен қала қонақтарына кәдесый таратып жатыр. Бұл да «Рухани жаңғыру» бағытындағы шара деп те айтуға болады», - дейді ОҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы Берек Дүйсебеков.
null 

Соңғы жаңалықтар
telegram