Оңтүстік жұртшылығы елордалықтарға дастархан жайды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері жалғасуда. Бүгін Этноауылда оңтүстік жұртшылығы Құрбан айт мерекесіне орай дастархан дайып, 5 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтарына ас берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Елбасының, мемлекеттің қолдауының арқасында өңірімізде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді. Мәселен, өткен жылы 480 млрд теңгенің өнімін алсақ, биыл оны  523 млрд теңгеге жеткіземіз деп отырмыз. Осы жылдың 7 айында 187 млрд теңгенің өнімін өндірдік. Бұл  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 млрд теңге артық. Әрине, Елбасының тапсырмасына орай өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттырып, импорттық тауарларды азайтпақпыз. Былтыр 247 млрд теңгенің импорт тауарын алған едік. Ал осы жылы оның көлемін 209 млрд теңгеге дейін төмендету жоспарымызда бар», - деді шара аясында сұхбат берген Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тұрғанбек Оспанов.  
null

Сонымен қатар ол Құрбан айт мейрамына орай Оңтүстік Қазақстан облысы тапсырмасымен  елорданың жетім балалар,  қарттар үйлеріне және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 200 отбасыға сиыр етін таратып бергенін айтты. Ал бүгін 1 сиыр мен бірнеше қойды құрбандыққа шалған.
null 
null 
null 

Айта кетейік, этноауылда Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің  концерті күнделікті өтуде. Мәдени шара шертпе күйдің шеберлері Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков  сынды бірқатар Оңтүстіктен шыққан күйшілердің күйлерімен жалғасады.
null 
null 

null

Сүгір атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі 2002 жылы құрылса, 2009 жылы белгілі күйші Сүгір Әліұлының есімі берілген. Бүгінгі таңда оркестрге Өмірбек Қонысбеков жетекшілік етеді. Бас дирижері - Ерлан Дәуренбеков.
null 

Соңғы жаңалықтар