Оңтүстікафрикалық ETV News телеарнасы Джорж Буштың қазасы туралы хабарлады

ПРЕТОРИЯ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Оңтүстікафрикалық ETV News телеарнасы қателесіп, Джорж Буштың қазасы туралы хабарлады.

Оңтүстікафрикалық ETV News телеарнасы  Джорж  Буштың  қазасы  туралы  хабарлады
Телеарнаның тікелей эфирінде үш секунд бойы «Джордж Буш қайтыс болды» деген жүгіртпе сөз көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Кейіннен анықталғандай, бұл хабарлама, жүгіртпе сөздің қалай көрінетінін көргісі келген арна басшыларының бірінің өтініші бойынша жазылып, эфирге байқамай кетіп қалған болып шықты.