Оңтүстікафрикалық жігіт тұздан сурет салады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікафрикалық жас суретші Перси дүкенде жұмыс істеп жүргенде қоймада босқа шашылып жатқан тұзды көреді. Ысырап болған ырыс оның өнерге деген ерекше көзқарасын оятқан, деп жазады «Хабар 24».
Суретші ой-қиялындағы бейнені қағазға түсіру үшін аса шығындана қоймайтынын айтады. Өйткені бояу мен кенепке қарағанда тұз анағұрлым арзан.
Әзірге Персидің қолынан шыққан туындылар ешбір галереяда жоқ. Дегенмен, ғаламтор қолданушылары оның еңбегіне жоғары баға берген. Қазір ол бос уақытын өнерге арнап жүр.
«Адамдар тұзды тамаққа қосады. Алайда онымен сурет салуға да болады. Мен бір қап тұздан керемет туынды жасап бере аламын», - дейді суретші Перси Майамела.