Оңтүстікқазақстандық 6 ардагер «Мәскеу үшін шайқасқа 75 жыл» төсбелгісімен марапатталады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық 6 ардагер «Мәскеу үшін шайқасқа 75 жыл» төсбелгісімен  марапатталады. Көрші ел басшысының марапатын Ресейдің Қазақстандағы Бас консулы Алексей Демин табыс етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Ресей консулы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, Владимир Путтиннің жарлығымен оңтүстікқазақстандық ардагерлердің «Мәскеу үшін шайқасқа 75 жыл» мерейтойлық  төсбелгісімен  марапатталғанын жеткізді.
null 

«Бұл кісілер - ерліктің эталоны. Әр ұрпақ оларды үлгі тұтуы тиіс. Қатарлары сиреп қалған тұста оларға айрықша құрмет көрсету - ерлікке тағзым жасаумен, өнеге іске жол салумен пара-пар. Олардың жанарларынан ауыр, азапты күндердің табын көруге болады. Басын бәйгіге тігіп, жарқын болашақ сыйлағаны үшін мың алғыс», - деді Алексей Демин. 

Өз кезегінде облыс әкімі де елшінің жақсы жаңалығына ризашылық білдіріп, Ұлы Отан соғысының адамзат тарихындағы зардап-залалдарына тоқталды.
null 

«Біз бабаларымыздың ерлік істерін ешқашан ұмытпауға тиістіміз. Ұлы Отан соғысындағы Кеңес әскерінің жеңісі әлемге бейбітшілік сыйлады. Сондықтан біз бүгінгі көзі тірі батырларымызды ұлықтап, оларға барынша қамқорлық көрсетуіміз қажет», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Марапатталғандардың қатарында Гитлердің  Барборосса жоспарын тас-талқан еткен  қаса тұйғындардың бірі Құдайберген Тұңғышбаев та бар. Ол сұрапыл соғыста барлаушы мерген болған.  Сол аяғына оқ тиіп, ауыр жарақаттанған кезде ғана елге қайтты. Жеңіс туын желбіретуге күш салған жауынгер ерліктің ескерусіз қалмағанына разы. Бүгінгі сыйға 95-тегі ардагер айрықша қуанды. Ал,  Николай Макаров 20 жасында майданға аттанып, қан майданда ерлікпен соғысқан жандардың бірі. Мәскеу үшін болған шайқасқа қатысқан ақсақал да төсбелгі тағып, марапатталды. Мереке қарсаңында мерейі өсіп, марқайып қалған қариялар мемлекет жасаған қамқорлық пен ілтипатқа дән ризашылықтарын білдірді.

«Әрине, мен өте қуаныштымын! Ресейдің Президенті бізді ұмытпай, ескеріп жатқаны үшін бақыттымын. Одақтас елдердің бірлігі жасасын! Терең тарихы тамырын үзбесін! Рахмет бәріне», - дейді соғыс ардагері Николай Макаров.
null 

Айта кетейік, марапатқа ұсынылған оңтүстікқазақстандық ардагердің бесеуінің көзі тірі.  Екі ардагер  К. Тұңғышбаев пен  Н. Макаров Шымкент қаласында, П. Кривка, К. Кенжебеков пен М. Бабашовтар Арыс қаласында тұрып жатыр.   Ал алтыншы ардагер  М. Ырысметовтің  төсбелгісі баласына табысталатын болады. Ал, бүгінде өңірде 249 ҰОС ардагері мен 20 229 тіл еңбеккері  өмір сүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар