Оңтүстікқазақстандық фристайлшы қысқы Олимпиадаға жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандық спортшылар қатарынан қысқы Олимпиадаға бесінші лицензияны ОҚО спортшысы алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
18 жастағы фристайлшы Ильдар Бадрутдинов қысқы Оимпиадаға жолдама алған оңтүстікқазақстандық төрт фристайлшымен бірге Пхенчханға барады. Олар: Универсиада-2017-де алтын мен қола жүлдеге ие болған 22 жастағы Жанбота Алдабергенов, шаңғы акробатикасы бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі 16 жастағы Аян Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Маржан Ақжігіт.