Оңтүстікқазақстандық велосипедпен Меккеге барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстікқазақстандық Тожалы Акрамов велосипедпен Меккеге жетті, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
None
None

Алпыс жастағы ақсақал қажылық парызын өтеуге бір жыл бұрын дайындалған.

Медициналық тексеруден өткен соң, керек-жарақтарын қамдап, жолға шыққан.

Ол Өзбекстанның Самарқанд қаласы  арқылы Тәжікстанға аялдап, дем алғаннан кейін сапарын жалғастырған.

«Ұшақпен әркім-ақ барады. Менікі ат шығару емес, қажылық парызын өтеудің қиындығына төзіп Меккеге жету. Ұлық Алладан Меккеде туған ел, туған жер амандығын сұрап, мінәжат етемін», - дейді жиһанкез қария.  

Акрамов айтқанында тұрып Меккеге велосипедпен жетіпті. 

Соңғы жаңалықтар