Оңтүстікқазақстандық жас суретшілер арасында «Менің Президентім» байқауы өтті

Байқауға шығармашылықпен айналысатын ондаған студент қатысты. Олар тек Мемлекет басшысының суретін салумен шектелген жоқ, сонымен бірге өз шығармаларына елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткізілген кез келген жетістікті арқау ете білді. Көптеген шымкенттік студенттер Елбасы бейнесін Астананың гүлденуімен ұштастырып, бейнелеуге ұмтылды. Сондықтан да олардың туындыларының көпшілігі Астана мен оның басты символы - Бәйтерекке арналды.
«Елбасының әмбебап тұлға екенін жақсы білеміз. Ол шаңғы тебеді, салт атқа мінеді, шахмат та ойнайды, теннис, баскетбол, волейболдан хабары бар, жүзумен де айналысады. Мұның бәрі үлгі аларлық қасиеттер. Сондықтан да біздің болашақ ұстаздарымыз Президентіміз сияқты салауатты өмір салтын ұстанатын, ақжарқын, дарынды болғанын қалаймыз, Отанына адал қызмет етуді де Мемлекет басшысынан үйренсе дейміз», - деді ОҚМПИ ректоры Оңалбай Аяшов.
Бұдан басқа, басқа студенттер бұл күні спорттық жарыстарғаа қатысты. Атап айтқанда, баскетбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат бойынша турнирлер өтті.