Оңтүстікқазақстандықтар Астанада 18 көлікті тонады деп айыпталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері автомобиль салондарын тонаған ұрыларды қолға түсірді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Оңтүстікқазақстандықтар Астанада 18 көлікті тонады деп айыпталуда

«Астана қалалық ІІД жедел басқару орталығының видеобақылау камералары арқылы операторлар сауда үйлерінің бірінің маңында екі күдікті азаматты байқаған», - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері автомобиль салонын тонаған 29 және 30 жастағы ОҚО тұрғындарын құрықтады. Белгілі болғандай, сезіктілер автодабылды сканерлеу арқылы көлікті ашқан. Кейін ондағы ақша мен бағалы заттарды жымқырған.

Бүгінде ұсталғандар елордадағы 18 көлікті тонады деп айыпталуда. Олардың бірі бұрын ұрлық үшін сотталған болып шықты. Сезіктілер Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үстінен ҚР ҚК 175 бабы бойынша (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Сезіктілердің қала аумағында жасалған өзге қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.