Оңтүстіккореялық баспасөз Ким Чен Ынның бұйрығымен КХДР вице-премьерінің атылғандығы жайлы хабар таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ыннің жеке өзі елдің бұрынғы бірінші вице-премьері Чхве Ён Гонды атып тастауға бұйрық берген.

Оңтүстіккореялық баспасөз Ким Чен Ынның бұйрығымен КХДР вице-премьерінің атылғандығы жайлы хабар таратты

Бұған орман шаруашылығы саласында КХДР билігінің әрекеттеріне қатысты сын айтуы себеп болған.

Бұл туралы оңтүстіккореялық Ренхап агенттігі хабарлады. Оның ақпаратынша, вице-премьерді өлім жазасына кесу туралы бұйрық мамыр айында шыққан, деп жазды yoki.ru.