Оңтүстіккореялық дәрігерлер Қазақстаннан барған қызға тегін ота жасады

Консультация шеңберінде Оңтүстік Кореяның ортопедиялық хирургия профессоры Ли Чжон Соп 13 жастағы Самал Жайлаубайға туа біткен сколиоз диагнозын қойды. Қыздың омыртқасы туғаннан бастап майысып, жамбасы мен арқасы қатты ауырады екен.
Зерттеу нәтижелері бойынша профессор Ли Чжон Соп түзету отасын жасауды ұсынды. Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының және Пусан ұлттық университеті Госпиталінің «Тегін медицина» бірлескен жобасы аясында қызға әлемдегі жетекші ортопедиялық клиникалардың бірі болып табылатын Пусан ұлттық университетінің Госпиталінде ота жасау ұсынылды.
Айта кетсек, Қазақстанда бұл ауру сирек кездеспейді. Алайда осы бағыттағы медицина әлі даму үстінде және хирургияның бұл саласындағы тәжірибенің болмауынан ота жасау қиындық туғызар еді.
Қазан айының басында қыз анасымен бірге Пусанға жолға аттанды. 12 қазанда 4 сағатқа созылған ота жасалды. Хирургиялық отадан кейін Самал Жайлаубайдың бойы өсіп, салмағы артты.