Оңтүстіккореялық солдат КХДР-мен шекарада 5 әскери қызметкерді атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның әскери қызметкері КХДР-мен шекарадағы Канвондо провинциясының күзет бекетінде өз қызметтестеріне қарсы оқ жаудырды, деп жазады РИА Новости.

Оңтүстіккореялық солдат КХДР-мен шекарада 5 әскери қызметкерді атып кетті

Нәтижесінде 5 әскери қызметкер қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Хабарламада айтылғандай, ол 5 адамды атып, тағы бесеуін жарақаттаған соң оқиға орнынан қашып кеткен. Жарақаттанғандардың барлығы да жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Басқа ақпарат жоқ. Оқиғаға КХДР қатысы бар-жоқтығы жайлы да еш мәлімет берілмеген.