Оңтүстіккореялықтарды Астананың архитектурасы таңғалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиадаға (IРho) Оңтүстік Кореядан келген қатысушылар Қазақстанның сан алуандығына және Астананың тазалығына таңғалды. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Оңтүстік Кореядан аталған олимпиадаға қатысуға келген делегация жетекшілері Чаван Ким, Гунсан Чон мен Чахук Хух айтты.
«Біз екі күн Алматыда болдық, тауға шықтық, бұл ерекше әсер берді. Бізді елдің архитектурасы, мәдениеті, халқының сан алуандығы таңғалдырды», - деді Чахук Хух.
Ал оның әріптесі Чаван Ким Қазақстан астанасының тазалығын айтып өтті.