Оңтүстікте 100 жасты еңсерген 600 қария тұрады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығында  1 қазан - Қарттар күніне орай  ұйымдастырылған шара өтті. Онда 250-ге жуық қарияға арналып кең дастархан жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None



Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев бастаған атқамінерлер қазыналы қарияларды құттықтап, тарту-таралғы жасады. Концерттік бағдарламаға ұласқан бұл кеш ата-әжейлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жергілікті өнерпаздар алдыңғы буын өкілдерінің көңілін аулап, әуезді әннен шашу шашты.

Айта кетейік, бүгінде облыста 200 мыңнан аса зейнеткер тұрады, олардың 600-і бүгінде 100 жасты алқымдап отыр. 218-і Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қарттар, 80-нен астамы  жалғызбастылар. Қуантарлығы сол, қарттарға деген қамқорлық жылдан-жылға артып кетеді. Мәселен,  жалғызбасты қарияларға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш есебінде қаржылай көмек беріледі. 10 мыңға жуық қарт бүгінде коммуналдық қызметті төлеуден босатылып, қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алған.  Онымен қоса, 3 мыңнан аса қарияны түрлі басылымдарға тегін жаздыру ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар