Оңтүстікте биыл әлеуметтік 116 нысанның құрылысы аяқталады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 209 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Аталған нысандардың 116-сы жыл соңына дейін тапсыру жоспарланса, 93 нысан келер жылға өтпелі. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен штаб отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Мәжіліске аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары және нысан құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер, техникалық қадағалаушы мекемелер қатысты. Жиында облыс аумағындағы әлеуметтік және тұрғын үй құрылысы нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалау-сметалық құжаттамалардың әзірлену барысы талқыланды. Аталған штаб отырысында облыс әкімінің бірінші орынбасары  құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыларының мерзімінде толық және сапалы игерілуін қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, нысандардың мерзімінде пайдалануға берілуін қадағалауға аудан және қала әкімдіктері мен салалық басқармалары басшылары жауапты екенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум