Оңтүстікте бокстан халықаралық турнир басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бокстан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының Батыры Бейсен Оңтаевты еске алуға арналған ХХХV Халықаралық турнир басталды. Арыс қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өтетін сайысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің былғары қолғап шеберлері келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, шеберліктерін шыңдау, өзара достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған байрақты додада 312 спортшы бақ сынауда.  
null 

Дәстүрлі турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Қадырбек боксшыларға биік тұғырдан көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, жарысқа қонақ ретінде шақырылған Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиевті жеңісімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
null 

Айта кетейік, бас-аяғы 42 командадан құралған боксшылар әртүрлі салмақ дәрежесінде сайысқа түседі. Халықаралық турнирлерде жұдырықтасып жүрген жас спортшылар қазірдің өзінде шаршы алаңға шығып, жекпе-жектерін бастап кетті. Алдымен іріктеу сайысынан өткен боксшылар медальдар үшін бәсекеге түсіп, өзара мықтыны анықтайды.
null 

Жарысты ұйымдастырушылардың сөзінше, турнир 29 күні қортындыланып, жеңімпаздар марапатталатын болады. 

Соңғы жаңалықтар