Оңтүстікте «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрадин Әлібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Оңтүстікте «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек

null

Спикер Елбасы Жолдауында айтылған аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деген тапсырмасына орай, алдағы 4 жылда яғни, 2021 жылға қарай «Ордабасы» қой тұқымының санын 125 мыңға жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Ол үшін арнайы бағдарламада жасалып жатыр екен.

null 

Айта кетейік, бүгінде пайдасы мол «Ордабасы» қой тұқымы ауылшаруашылық өндірісіне кеңінен енгізілуде. Оның саны 75 мыңнан асса, таза тұқымдыларының саны 36 мыңнан асады.

null 

Қазақстанда етті-майлы қой шаруашылығын тұрақты дамытудың басты бағыттары бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөліскен Нұрадин Әлібаев қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы мен еділбай тұқымы және шетелдік - гиссар тұқымының будандастырылуы негізінде «Ордабасы» қой тұқымы жасалынғанын жеткізді.

null

Ұсақ малдың осы түрін көбейтумен айналысатын шаруа қожалықтарының төрағалары жаңа қой тұқымының басқа да  артықшылықтарына тоқталды. Олардың айтуынша, бұл қойдың басқа қойдан ерекшелігі оның салмағының әдеттегіден жоғары болуы. Мәселен, аналықтар 72-85 кг болса, қошқарлар 103,5-123 келіге дейін тартады. Сондай-ақ «Ордабасы» қой тұқымы етті-майлы әлемдік қой тұқымдарымен бәсекелес болып отыр.