Оңтүстікте жастар мал сою мен ат ерттеуден жарысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасында ерекше сайыс ұйымдастырылды. Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында байқауға қатысушылар ауылдағы жұмысты істеуден жарысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    
None
None

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және  «Салт-дәстүр - ұлттық рухтың негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылған жарыстар  «Ауылдағы бір күнім» жобасының барысында өтті.

null 

Сайдың тасындай іріктеліп, 5 командаға бөлінген жастар ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, шығармашалық қабілет пен өнерге деген құштарлықты арттыру мақсатында өзара сынға түсті. Ер жігіттер мал сойып, атты ерттеуден, отын жарып, самаурын қою мен жүн қырқудан ептіліктерін танытты. Ал бойжеткендер таба нан пісіру мен түйе сауудан, күбі пісу мен құрт жасаудан, бауырсақ пісіру секілді сындардан өтті.

null 

Осылайша жастар бар өнерлерін ортаға салды. Бірі сында жеңіліс тапса, келесі сында есе қайтарып, көрермендердің делебесін қоздырды. Жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, жастардың атты ерттеу, мал сою, жүн қырқу, күбі пісу, құрт жасау сындарындағы  сәті тартысты әрі шиеленісті өтіп, қазылар алқасының баға беруіне де қиындықтарын тудырды. 

null 

Сайыс қортындысында «Алаш» тобы ынталандыру сыйлығына ие болса, үшінші орын «Қазақ жастары» командасына бұйырды. «Ай медет» тобы екінші орын алса, «Самұрық» тобы жүлделі бірінші орынды алды. Жобаның бас бәйгесі  мен Отырар ауданы әкімдігінің арнайы жүлдесіне «Сарыжайлау» тобы лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттаған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш пен Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Береке Дүйсебековтер Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатын өскелең ұрпақтың арасында жан-жақты насихаттау, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға қосқан үлестері үшін жастарға аудан әкімі Ерлан Айтахановтың ыстық ықыласқа толы алғысын жеткізді. 

null null 

Соңғы жаңалықтар