Оңтүстікте жылқыны үйірімен ұрлағандар қолға түсті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында  жылқыны үйірімен ұрлағандар қолға түсті.

 Оңтүстікте жылқыны үйірімен ұрлағандар қолға түсті

Барымташылардың жәбірленушіге жалпы соммасы 6,5 миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
null 

Өткен жылдың желтоқсан айында Отырар аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын үйір жылқысының ұрланғаны туралы шағымданған. Полицейлер ауыл шетіндегі жайылымда жүрген 22 бас жылқыны белгісіз біреулер айдап әкеткенін анықтаған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан қаласының екі  тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Олар өз кінәсін толық мойындаған. Әрі айғақ зат ретінде ұрланған жылқылардың бір бөлігі қайтарып алынды.
null 

Қазір осы оқиға бойынша  ҚР ҚК-нің 188-ші «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ сезіктілердің өзге де мал ұрлығы қылмыстарына қатыстылығы тексеріліп жатыр. 
null