Оңтүстік Африкада төпелеп жауған қардан көлік қозғалысы қиындады
АСТАНА. KAZINFORM — 21 қыркүйекте Оңтүстік Африкада күтпегенде қар жауып, бірнеше тас жолда көлік қозғалысы тоқтап қалды. Бұл туралы France 24 телеарнасы хабарлады.
Йоханнесбург пен шығыс жағалаудағы Дурбан қаласын байланыстыратын N3 тасжолы жабылған. Кейбір аудандарда екі метрге дейін қар жауды. Жүргізушілер көлікте түнеуге мәжбүр болды.
Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметімен қатар әскер де жұмылдырылды.
КваЗулу-Натал провинциясының үкіметі қиын жағдайға тап болған кейбір жүргізушілер көрпе-жастық пен азық-түлік жеткізіп берген.
Жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері жүк көліктері 20 қыркүйектен бері жол жиегінде тұрғанын айтқан.
It is snowing in South Africa. There is snowfall in Eastern Cape, KwaZulu Natal, Free State and Gauteng. pic.twitter.com/Oi257NXYtA
— Africa Facts Zone (@AfricaFactsZone) September 21, 2024
— Провинциялар арасында қатынайтын автобустар жанар-жағармай құю бекеттерінде шамамен жеті сағат тоқтады, — деді ол.
Оңтүстік Африка метеорологиялық қызметі оқиғаны «экстремалды жағдай» деп сипаттап, алдағы сағаттарда тағы да қар жаууы мүмкін екенін ескертті.
2023 жылдың жазында Оңтүстік Африкада соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды. Ол кезде қар биылғыдай үлкен қиындық тудырмаған.
These are some of the pics and vids of the the snow in South Africa now .
— Maki Marish (@MakiMarish) September 21, 2024
Some drivers have been stuck on the road for more than 12 hours with no food or water .
Wishing those who are stuck safety. pic.twitter.com/WDSSYTzjr6