14:39, 21 Қаңтар 2025 | GMT +5
Оңтүстік Калифорнияда өрт шығу қаупі жоғары ауа райы болжанды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің /NWS/ хабарлауынша, Оңтүстік Калифорнияда дүйсенбіден сейсенбіге дейін өрт шығу қаупі жоғары ауа райы болжанып отыр, деп жазды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Дүйсенбіде мұнда Санта-Ана желі қайта соғып, сейсенбіге дейін жалғасады деп болжанды.
NWS мәліметінше, аймақта желдің екпіні 100 мильге дейін жетуі мүмкін.
Дүйсенбі бойы теңізден соғатын жел де күшеюі ықтимал.
Метеорологиялық агенттік жергілікті тұрғындарды төтенше жел мен өрт шығу қаупі жоғары күн райының кезекті кезеңіне дайындалып, хабардар болып, төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын орындауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Калифорниядағы өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұрғанын жазған едік.