Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 млн баррель мұнай сатып алуға келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы тұрақсыздық аясында Қазақстаннан 18 млн баррель мұнайды балама бағыттар арқылы сатып алуға келісті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Южная Корея договорилась с Казахстаном закупить 18 млн баррелей нефти по альтернативным маршрутам на фоне нестабильности на Ближнем Востоке, сообщил специальный представитель президента Республики Корея и глава администрации президента Кан Хун Шик, передает корреспондент агентства Kazinform.
Фото: instagram.com/kang_hoonsik

Бұл туралы Корея Республикасы президентінің арнайы өкілі әрі әкімшілік басшысы Кан Хун Шик мәлімдеді.

Оның айтуынша, Оңтүстік Корея Қазақстан, Оман, Сауд Арабиясы және Қатармен 2026 жылдың соңына дейін 273 млн баррель мұнай жеткізу туралы келісім жасаған.

Аталған мәселе 8 сәуірде Қазақстанға жасалған сапар барысында талқыланған.

«Қазақстанмен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша 18 млн баррель мұнай жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар екі ел арасында жоғары деңгейдегі тікелей өзара іс-қимылдың жаңа арнасы құрылды», – деді Кан Хун Шик.

Сондай-ақ 2,1 млн тоннаға дейін жеңіл мұнай өнімін жеткізу келісімі қамтамасыз етілген.

Оның сөзінше, сатып алынатын мұнай мен жеңіл мұнай өнімі Ормуз бұғазы арқылы өтпейтін балама бағыттармен тасымалданады. Бұл ішкі нарықты тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді деп күтілуде.

Оңтүстік Корея Оманнан шамамен 5 млн баррель мұнай және 1,6 млн тоннаға дейін жеңіл мұнай өнімін импорттауды жоспарлап отыр. Ал Сауд Арабиясы 200 млн баррельге дейін мұнай және кемінде 500 мың тонна жеңіл мұнай өнімі жеткізеді.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы геосаяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты мұнай жеткізудің балама бағыттарын қарастырып жатқаны хабарланған еді.

8 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені Кан Хун Шикпен талқылады.

Сол күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кореялық делегациямен, оның ішінде сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен келіссөз жүргізді. Тараптар энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар