Оңтүстік Корея КХДР әскеріне қарсы ескерту ретінде оқ атты

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Корея әскерилері шекараны кесіп өткеннен кейін Оңтүстік Корея сарбаздары оларға қарсы ескерту ретінде оқ атты, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі. 

Южная Корея открыла предупредительный огонь на границе КНДР
Фото: Lee Jin-man

Солтүстік Кореяның бір топ әскері жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30 шамасында шекараның орталық бөлігінде екі Кореяны бөліп тұрған қарусыздандырылған аймақтағы әскери демаркация сызығын кесіп өтті.

Дауыс зорайтқыш және ескерту оқтарынан кейін Солтүстік Корея әскерилері шекараның өз жағына оралды.

Елдің Біріккен Штаб бастықтары комитетінің хабарлауынша, ескерту оқтары атылғаннан кейін «ерекше әрекет болған жоқ».

Ақпаратты Yonhap серіктес агенттігі Kazinform үшін арнайы ұсынды.

Соңғы жаңалықтар