Оңтүстік Корея мен АҚШ ядролық тежеу келіссөзін кейінге қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Корея мен АҚШ бастапқыда осы аптада Вашингтонда өтуі жоспарланған ядролық тежеу жөніндегі негізгі келіссөздер мен соған байланысты жаттығуларды кейінге қалдырды, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.

 Оңтүстік Корея мен АҚШ ядролық тежеу келіссөзін кейінге қалдырды
Фото: Anadolu Ajansı

Сеул мен Вашингтон Солтүстік Кореядан тарапынан ядролық және зымырандық қауіп-қатер жағдайында тежеуді күшейту шаралары аясында сәрсенбіде АҚШ астанасында Nuclear Consultative Group (NCG) төртінші отырысын өткізуді жоспарлады.

- NCG жиналысы мен NCG-Top жаттығулары келесі хабарламаға дейін кейінге қалдырылды. Бізде жаңа кесте туралы ақпарат жоқ, - деді АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Yonhap агенттігіне.

NCG өткен жылы Вашингтон Декларациясы аясында Американың өзінің одақтасын қорғау үшін ядролық қаруды қоса алғанда, әскери мүмкіндіктерінің толық спектрін пайдалана отырып, кеңейтілген тежеу жөніндегі міндеттемесіне сенімді нығайту үшін құрылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде әскери төтенше жағдай жариялаған еді. 

Осыған орай Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халыққа үндеу жасап, елде бұған дейін орнаған әскери жағдай режимін тоқтататынын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар