10:09, 24 Маусым 2025 | GMT +5
Оңтүстік Корея президенті 11 министрді тағайындады
АСТАНА. KAZINFORM – Маусым айында қызметіне кіріскен Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мен 11 министрді тағайындады, деп хабарлайды Синьхуа.

Ли Чжэ Мен қорғаныс пен сыртқы істер және бірлестік министрін тағайындады. Бұл туралы дүйсенбі күні оның әкімшілігі хабарлады.
Ан Гю Бэк қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Бұрынғы сыртқы істер министрі Чо Хен осы ведомствоны басқара береді. Ал Чон Дон Ен бірлестік министрі қызметіне тағайындалды.
Министр лауазымына үміткерлердің бәрі Ұлттық жиналыста бекітілуі керек.
Осыған дейін Оңтүстік Корея президентінің НАТО саммитіне қатыспайтыны белгілі болған еді.