Оңтүстік Корея президентіне сапарға шығуға тыйым салынуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Елден шығуға тыйым салу Юн Сок Ёль жариялаған әскери жағдайға байланысты тергеу амалдары үшін қажет, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.

— Біз алдымен қажетті материалдарды жинауымыз керек, — деді полицияның жоғары лауазымды қызметкері Ву Чжон Су тілшілерге арналған брифингте.
Полиция президенттен жеке жауап алу мүмкіндігін жоққа шығармады.
— Біз оның елден кету мүмкіндігін қоса алғанда, жан-жақты талдау негізінде шешім қабылдаймыз. Тергеу нысанында ешқандай адамдық немесе физикалық шектеулер жоқ — деп қосты ол.
Агенттіктің мәліметінше, елдің бұрынғы ішкі істер министрі Ли Санг Минге шетелге шығуға қазірдің өзінде тыйым салынған.
Еске сала кетсек, прокурорлар президент Юн Сок Ёль өткен аптада қысқаша әскери жағдай жариялағаннан кейін бұрынғы Қорғаныс министрі Ким Ён Хенді мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу барысында қамауға алды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Алайда парламент оны жоюға дауыс берді.
Кореядағы қазақстандықтар бұқаралық шараларға қатысудан бас тартуға шақырылды.
3 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ёль әскери жағдай енгізілгенін жариялады.
Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ён Хён сәрсенбі күні президент Юн Сок Ёлдің әскери жағдай енгізу әрекетіне алаңдаушылық туғызғаны үшін кешірім сұрап, отставкаға кетуді ұсынды.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Қорғаныс министрі Ким Ён Хеннің отставкасын қабылдады.
Негізгі оппозициялық Демократиялық партия соғыс жағдайын енгізгені және кейіннен оны алып тастағаны үшін президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялау бойынша дауыс беруді өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Биліктегі «Халықтық билік» партиясының екі депутатынан басқасы президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялау туралы ұсынысқа дауыс беруге бойкот жариялады.