Оңтүстік Корея тұрғындарының 90 пайыздан астамы ит етін жегісі келмейтінін айтты

Оңтүстік Кореяда 10 тұрғынның 9-ы ит етін жегісі келмейтінін айтты. Kazinform агенттігі бұл туралы The Korea Herald басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстік Корея тұрғындарының 90 пайыздан астамы ит етін жегісі келмейтінін айтты
Фото: Yonhap

Жануарлардың құқығын қорғайтын Aware тобының ел бойынша 2000 ересек адам арасында жүргізген сауалнамада респонденттердің 93,4%-ы ит етін жеуге ниеті жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ респонденттердің 94,5%-ы өткен жылы ит жемегенін айтты.

Ит етін жегісі келмеуінің себебі туралы сұраққа 53,5%-ы «эмоционалдық жиіркеніш» сезінетінін, 18,4%-ы иттерді өсіру мен союдың қатыгездік процесімен келіспейтінін, ал тағы 7,1%-ы қоғамның ит етіне теріс көзқарасын сезінетінін айтты.

Ит етіне тыйым салу туралы заң бойынша жұмыс істейтін комитеттің дерегіне сәйкес, жыл сайын елдегі 1600-ге жуық мейрамхана орташа есеппен 388 мың ит тұтынады.

Дүйсенбіде ел Парламентінің Заң шығару және сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті ит союға және ит етін таратуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Yonhap. 

Заң жобасы Ұлттық ассамблеяның пленарлық отырысында бүгін шығарылды.

Соңғы жаңалықтар