Оңтүстік Кореяда ұсталған қазақстандыққа бірнеше айып тағылды

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында Қазақстан азаматы ұсталды.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Жергілікті полиция оған бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, көлік құралын пайдалану қағидаларын және көші-қон талаптарын бұзу бойынша айыптар тағып отыр.

— Қазақстан дипломаттары ұсталған азаматқа консульдық-құқықтық қолдау көрсетіп, жағдайды бақылауға алды, — деді еліміздің Сыртқы істер министрлігінен.

Айта кетейік, биыл тамызда Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment Permit System (EPS) — шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат беру жүйесіне қатысушы елдердің қатарына ресми түрде енгізілді. 

Employment Permit System (EPS) — Корея Республикасының шетелдік жұмыс күшін реттелген тәртіппен тартуға арналған мемлекеттік жүйесі. Осы жүйе аясында шетел азаматтары Корея Республикасының заңнамасында және мемлекетаралық рәсімдерде белгіленген талаптарға сәйкес жұмысқа орналаса алады.